-
10 Қазан 2019, 10:22 ШАҚЫРАМЫЗ! Мал және құс шаруашылық саласындағы мамандарының назарына! Фермерлік және шаруа қожалықтарының назарына!
- 26 Қыркүйек 2019, 17:34 Конкурс өткізу туралы хабарландыру
- 29 Шілде 2019, 11:03 Шақыру семинар
- 08 Мамыр 2019, 15:14 Хабарландыру
- 24 Сәуір 2019, 13:45 Жаңалықтар
- 03 Сәуір 2019, 17:21 "Жексенбілік бизнес мектебі"
- 13 Желтоқсан 2019 Көрнекті қарағандылықтарға мемлекеттік марапаттар табысталды
- 13 Желтоқсан 2019 Қарағандылық кәсіпорындар үздіктер қатарында
- 13 Желтоқсан 2019 Қарағанды қаласындағы Жас мемлекеттік қызметші мектебінің түлектеріне дипломдар табыс етілді
- 13 Желтоқсан 2019 Қарағанды облысында лифтілерді қалпына келтіру бойынша ауқымды бағдарлама іске қосылды
- 13 Желтоқсан 2019 Қарағанды облысында ТЖД қызметкерлері марапатталды
- 13 Желтоқсан 2019 Ресейлік скрипкашы Айлен Притчин қарағандылық симфониялық оркестрмен бірлесіп өнер көрсетеді
Облыс жаңалықтары
13 Тамыз 2019Анаға цифрлық жәрдем!
«Азаматтарға арналған үкімет» жас босанған аналар арасында «Анаға цифрлық жәрдем» байқауын жариялайды. Бала тууына байланысты берілетін жәрдемақыны egov.kz порталы арқылы онлайн рәсімдеп, ол туралы әлеуметтік желіде пост жазған аналар байқаудың қатысушысы атана алады.
Байқау шарты бойынша жәрдемақыны онлайн рәсімдеген аналар жазған постында мемлекеттік корпорацияның ресми аккаунты @gov4c.kz белгілеп (instagram әлеуметтік желісінде), #анағацифрлықжәрдем хэштегін қоюы тиіс.
Байқау жеңімпаздары 15 қыркүйек – Аналар күні анықталатын болады. Конкурс аясында пост жазғандардың есімдері бір тізімге жазылып, жеңімпаз рандомды түрде, яғни кездейсоқ нөмірдің түсуі арқылы таңдалады.
Қызықты пост жазып, байқауға қатысқан үш жеңімпаз bebek.kz интернет-дүкенінен «Sweety» брендінің жөргектерін бір ай бойы алуға мүмкіндік беретін сертификатқа ие болады. Жұбаныш сыйлығы ретінде тағы бес жеңімпаз балалар азығын, ыдыс-аяғын, күтім құралдарына қосымша сертификат алады.
Анықтама: «Бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» қызметі egov.kz порталында 2017 жылдың 29 желтоқсанында іске қосылған. Жыл басынан бері алты ай ішінде онлайн түрде бала тууына қатысты 19 мың жәрдемақы рәсімделген.
Вернуться назад